СҚО-да полиция мен ауыл тұрғындары аударылған жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті

Сурет: ҚР ІІМ
3 қараша күні түстен кейін Жезқазған – Петропавл автожолының бойында, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тоқсан би ауылы маңында ауа райының қолайсыздығы мен көктайғақ салдарынан жүк көлігі жол жиегіне аударылып кеткен.

Абырой болғанда 49 жастағы жүргізуші жарақат алған жоқ. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының экипажы, тәртіп сақшылары Асхат Қайыржанов пен Самат Жақтаев оқиға орнына жедел жетті. Полицейлер жедел көмек ұйымдастырып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Тәртіп сақшылары "Западное" ЖШС басшылығымен келісіп, арнайы техника алдыртты. Желді трассадағы жұмыс шамамен бір жарым сағатқа созылды. Жүргізуші полицейлер мен шаруашылық қызметкерлеріне алғысын білдіріп, аудан орталығына қарай жолын жалғастырды.

Айта кетейік, биыл Солтүстік Қазақстан облысында 482 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 45 адам қаза тауып, 637 адам жарақат алды.

Маусымаралық кезең мен ауа райының құбылмалы жағдайында полиция мен жол қызметтері көлік жүргізушілерін барынша сақ болуға және жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын қашан жасайтынын айтты

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді