Көкшетауда қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынып жатыр

Сурет: primeminister.kz
Президент тапсырмасы аясында Көкшетауда қайтарылған активтер қаражаты есебінен көпфункционалды спорттық-мәдени кешеннің құрылысы жүріп жатыр. Жобаға Арнаулы мемлекеттік қордан 12,6 млрд теңге бөлінген.

Кешенде олимпиадалық стандарттарға сай бокс, күрес, ауыр атлетика және кроссфит залдары болады. Бұл нысан Көкшетауда республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ аумақта екі футбол алаңы, ядро мен найза лақтыруға арналған алаң, әмбебап спорт және жеңіл атлетика аймақтары қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы құрал-жабдықтар орнатылады.

Бұдан бөлек, өрт-қолданбалы спортқа арналған скалодром мен мұнарасы бар спорт залы салынады. Мұнда Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғау академиясы курсанттары кәсіби машықтарын жетілдіре алады.

Кешен құрамында заманауи мультимедиялық жүйелермен жабдықталған 650 орындық мәдени зал да ашылады.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 85 пайызы аяқталған. Нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Жоба Көкшетау тұрғындары үшін спорт инфрақұрылымының қолжетімділігін арттырып, бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын дамытуға серпін береді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды