Астанада бір түнде жауған қарды тазалауға 800-ден астам техника жұмылдырылды

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Астанада қараша айының алғашқы аптасында қар қалың түсті. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, өткен түні елорда көшелерінен шамамен 60 жүк көлігіне тең қар, яғни 686 текше метр қар арнайы полигондарға шығарылған, деп жазады Zakon.kz.

Қар тазалау жұмыстарына 810 арнайы техника мен 2700-ден астам жол жұмысшысы тартылды. Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Әкімдік мәліметінше, алдымен негізгі магистральдар мен қоғамдық көлік бағыттары тазартылуда. Кейін аулаішілік аумақтар, алаңдар, тротуарлар мен аялдамаларда жұмыстар жалғасады.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан ауа райының қолайсыз кезінде жолда абай болу, қауіпсіздік ережелерін сақтау және алыс сапардан бас тарту сұралды.

Айта кетейік, 4 қараша күні қала аумағынан 1000 текше метрден астам, яғни 86 жүк көлігіне тең қар шығарылған.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы