Атырауда 200 түйіншек есірткі жасырған өзге облыс тұрғыны ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
"Учаске" іс-шарасы аясында Атырауда 200 түйіншек есірткі жасырған өзге облыс тұрғыны ұсталды.

Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы "Қарасора-2025" және "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқан 45 жастағы Ақтөбе облысының тұрғынын ұстады.

Жеке тінту барысында күдіктіден 29 орама табылып, кейін оның көрсетуімен қала аумағында жасырылған тағы 200 түйіншек анықталып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттар жалпы салмағы шамамен 250 грамм мефедрон синтетикалық есірткісі болып шықты.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігіне (Есірткі құралдарын заңсыз дайындау, сақтау және өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды