Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қараша айында қандай салықтар мен төлемдерді және қай күнге дейін төлеу қажет екенін еске салды.
Салық есептіліктерін тапсыру мерзімдері
17 қарашаға дейін:
101.03 және 101.04 нысандары – резидент пен резидент еместердің кірісінен ұсталған КТС бойынша есеп (3-тоқсан);
200.00 нысаны – ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация (3-тоқсан);
300.00 нысаны – ҚҚС бойынша декларация (3-тоқсан);
400.00, 421.00 нысандары – акциз бойынша декларация және құрылымдық бөлімшелер/нысандар бойынша есеп (қыркүйек);
570.00 нысаны – экспортқа салынатын ренталық салық бойынша декларация (3-тоқсан);
590.00 нысаны – пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация (3-тоқсан);
710.00 нысаны – ойын бизнесіне салынатын салық бойынша декларация (3-тоқсан);
880.00 нысаны – цифрлық майнинг үшін төлем бойынша декларация (3-тоқсан);
913.00 нысаны – бөлшек салықтың арнаулы салық режимі бойынша декларация (3-тоқсан).
20 қарашаға дейін:
328.00 нысаны – тауарлар импорты және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (қазан).
Салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімдері
20 қарашаға дейін:
ЕАЭО аясындағы қосылған құн салығы (ҚҚС) – қазан айы үшін;
Акциз – соның ішінде ЕАЭО елдерінен импортталған тауарлар бойынша (қазан).
25 қарашаға дейін:
Корпоративтік табыс салығы (КТС) – қараша айының аванстық төлемдері;
КТС және жеке табыс салығы (ЖТС) – қазан айында төленген кірістерден ұсталған;
Жеке кәсіпкерлердің (ЖК) арнайы мобильді қосымша арқылы СНР қолданған жағдайда қазан айына арналған ЖТС;
КТС және ЖТС – бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданушылар үшін (3-тоқсан);
ҚҚС, ренталық салық, пайдалы қазбаларды өндіру салығы, роялти, өндірістік бонус, ойын бизнесі салығы, цифрлық майнинг үшін төлем – (3-тоқсан);
Заңды тұлғалардың ағымдағы төлемдері – жер және мүлік салығы бойынша;
Радиожиілік спектрін пайдалану, жер учаскелерін пайдалану, сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыру үшін төлемдер;
Әлеуметтік салық, бірыңғай төлем, әлеуметтік аударымдар, МӘМС жарналары мен аударымдары, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), жұмыс берушінің МЗЖ және ерікті зейнетақы жарналары – қазан айы үшін.
Мемлекеттік кірістер органы кәсіпкерлер мен ұйымдарға салық міндеттемелерін уақытылы орындау қажеттігін ескертеді, себебі мерзімін өткізу өсімпұл мен айыппұлдарға әкеп соғуы мүмкін.