Алматы әуежайындағы рейстердің жаппай кешігуінің себебі белгілі болды

Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 5 қараша күні таңнан бері Алматы халықаралық әуежайында ондаған рейс кешікті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Себеп – ауа райының қолайсыздығы.

"Күрделі метеожағдайларға байланысты бірқатар ұшып шығатын рейстер кейінгі уақытқа шегерілді. Әуежайдың барлық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр – кешігулерді барынша азайту шаралары қабылдануда. Жолаушылар мен экипаж қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз", - делінген Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жолаушыларға өз рейстері туралы өзекті ақпаратты әуе компанияларынан алдын ала нақтылауға және әуежайдың ресми сайты alaport.com арқылы жаңартуларды қадағалауға кеңес берілді.

"Қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауыңызды және кестеде мүмкін болатын өзгерістерді ескерулеріңізді сұраймыз", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматы полиция департаменті 5 қарашада түнде жауған қардан кейін Алматыда 17 жол-көлік оқиғасы тіркелгенін хабарлаған еді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді