Қасым-Жомарт Тоқаев «Калмаэги» тайфунының салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Филиппин Президенті Фердинанд Маркосқа көңіл айтты.
Мемлекет басшысы қайтыс болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Бұған дейін Филиппинде болған "Калмаэги" тайфуны салдарынан 26 адамның қаза тапқаны хабарланған еді. Сонымен қатар бұл табиғи апат жүздеген мың тұрғынды үйін тастап кетуге мәжбүр етті. Қаза болғандардың басым бөлігі – 21 адам Себу аралында тіркелген, мұнда елді мекендердің көп көшені су басқан. Тайфун шегінде желдің ең жоғары жылдамдығы 130 км/сағ дейін, ал екпіні 180 км/сағ дейін жеткен. Сондай-ақ оқиға аймағында электр қуатының үзілуі мен көлік қатынасының қиындауы байқалды.