Зейнетақы жинақтарына сатып алынған баспананы сатуға шектеу қойылмайды

Фото: freepik
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын бұрынғыдай тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалана алады.

Отбасы банк мәліметінше, зейнетақы төлемдері арқылы жасалған операцияларды талдау кезінде бір пәтердің бірнеше рет әртүрлі адамдарға қайта сатылған жағдайлары анықталған.

Әрбір жаңа сатып алушы тұрғын үйді алу үшін өзінің зейнетақы жинағын пайдаланған. Алайда бұл зейнетақы қаражатының мақсатсыз жұмсалу қаупін арттырып, жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаға да әсер етуі мүмкін.

Олардың алдын алу үшін банк Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану тәртібіне өзгеріс енгізуді ұсынған.

Банк зейнетақы қаражатына сатып алынған баспананы тек бес жылдан кейін ғана қайта сатуға рұқсат беруді ұсынған еді. Алайда бұл ұсыныс қолдау таппады.

Себебі қолданыстағы заңнамада мүлікке қандай жағдайларда шектеу қойылатыны нақты белгіленген, ал зейнетақы төлемі есебінен сатып алынған тұрғын үй бұл санатқа кірмейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

31 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды