"Боран, тұман, жаңбыр, көктайғақ": Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Сурет: pexels
Қазақстанның 15 облысында 8 қарашада дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде қар жауады, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде де жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстік бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қарағандыда 8 қарашада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Астанада 8 қарашада көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда 8 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі деп күтіледі. 

Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жүріп, облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда 8 қарашада көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.

Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Шымкент және Түркістан қалаларында 8 қарашада түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Петропавлда 8 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, түнде және таңертең тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі.  

Түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Таразда 8 қарашада түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алкөл көлдері ауданындағы екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда 8 қарашада түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Өскеменде 8 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Семейде 8 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың шығысында кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Көкшетауда 8 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда осы аптаның соңында және келесі аптаның басында ауа райы тұрақсыз болатынын ескерткен.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды