Қарағанды облысында блок-бекетте полицейлер ұрланған жылқылар тиелген жүк көлігін ұстады

Сурет: ҚР ІІМ
9 қараша күні Қарағанды облысы полиция департаментіне Астана қалалық полиция департаментінен ұрланған жылқылар тиеген КамАЗ жүк көлігі Қарағандыға қарай бағыт алып бара жатқаны жөнінде жедел ақпарат келіп түсті.

Теміртау қаласындағы блок-бекеттердің бірінде тексеріс жүргізіп жатқан патрульдік полицейлер аталған көлікті тоқтатты. Көлікті басқарған азамат Түркістан облысының 48 жастағы тұрғыны болған.

"Тексеріс барысында жүргізуші 45 бас жылқыны Степногорск қаласының тұрғынынан 13,5 миллион теңгеге сатып алғанын айтты. Жылқылардың нақты иелерін анықтау мақсатында криминалдық полиция қызметкерлері жылқыларды бейнежазбаға түсіріп, әр өңірдегі шаруа қожалықтарының чаттарына жіберген", – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мейіржан Сламбеков.

Біраз уақыттан кейін Ақмола облысының 54 жастағы тұрғыны бейнежазбадан өзіне тиесілі ұрланған 27 жылқысын таныған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді