Бұл туралы Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы хабарлады.
Басқарма мәліметінше, биылғы тоғыз айда 14 "Белсенді ұзақ өмір сүру" орталығына 8 235 адам жүгінген, оларға жалпы 455,3 мың қызмет көрсетілген. Орталықтар Бостандық ауданында екі және Медеу ауданында бір бөлімшеден тұрады. Күн сайын орталықтарға 569 зейнеткер келеді, ал биыл 24 153 азаматқа 333,1 мың қызмет көрсетілген.
Отбасы институтын қолдау мақсатында жұмыс істейтін "Бақытты отбасы" отбасын қолдау орталығына 11 336 адам тіркелген. Орталықта 41,9 мың адам ақпараттық-ресурстық қолдау алды, 6,1 мың адамға құқықтық және әдістемелік кеңес берілді, 2,7 мың адам оқыту бағдарламалары мен тренингтерге қатысқан, 237 адам жұмыспен қамтылған, ал 45 адамға 400 АЕК-ке дейінгі грант берілген.
2025 жылдың қаңтарынан бастап Алматыда өмірлік қиын жағдайда қалған отбасыларға кешенді көмек көрсететін Отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді. Жыл ішінде орталыққа 956 адам тіркеліп, 2,8 мың азаматқа қолдау көрсетілген. 439 адамға психологиялық көмек, 242 адамға құқықтық кеңес, 118 рет мобильді топтардың шығуы ұйымдастырылған, 989 жеке жұмыс жоспары әзірленген.
Балаларға арналған "Шыңға өрлеу" әлеуметтік клубы бойынша қалада 16 бөлімше жұмыс істейді. Аз қамтылған отбасыдан шыққан 2 947 бала осы бағдарлама аясында білім алуда. 298 педагог дәріс береді, оның 228-і халықтың әлеуметтік осал тобына жататын мамандар.
"Тәуелсіз өмір мектебі" жобасымен 432 адам қамтылған. Сонымен қатар отбасылар мен балаларды қолдауға бағытталған "Жарқын өмір", "Жаңа өмір" және Isker isi әлеуметтік бастамалары жүзеге асырылуда.
Алматыда "Иппотерапия – бейімделген ат спорты" жобасы да іске асырылуда. Жобаға 50 ерекше қажеттілігі бар бала қатысып отыр. Қалалық әлеуметтік интеграция орталығында арт-терапия, театр-терапия және музыка-терапия бағдарламаларына жүздеген тұрғын қатысады.