Алматыдағы Ботаникалық бақта әйелді ит тістеп алды

Сурет: Zakon.kz
Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде өзін қаладағы Ботаникалық бақта ит тістеп алғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйелдің сөзінше, оқиға өткен аптада, сенбі күні болған. Оны саябақта жүргенде бір топ ит қоршап алып, кейін олардың біреуі өзін тістеп алған. Кейін әйелдің жарасын ресепшнде таңып берген, содан кейін емханаға барған.

Бақ өкілдері оқиғаға қатысты түсінік беріп, келушілердің қауіпсіздігі әрдайым бірінші орында екенін атап өтті. Бақта медицина қызметкерлері жұмыс істейді.

Мекеменің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ботаникалық бақ – демалыс паркі емес, арнайы қорғалатын табиғи аумақ. Мұнда көптеген жабайы жануар мекендейді. Сол себепті де келушілер мұны ескеруге тиіс. Ал иттерді бақтың кең аумағы мен ондағы азық көзі қызықтырады.

Сондай-ақ мекеме қаңғыбас иттер мәселесін тек қаладағы арнайы қызметтер шешетінін, сол себепті бақ жануарларды ұстай алмайтынын мәлімдеді.

Ботаникалық бақ өкілдері болған жағдайға алаңдаушылық білдіріп, қонақтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға үндеді:

"Қаңғыбас иттер тістеп алған жағдайда немесе олардың агрессив мінез-құлқын байқасаңыз, "Алматы ветеринарлық қызметінің" 109 немесе 8 (708) 595-64-04 нөміріне хабарласуыңыз керек", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматы маңында қабаған иттер 10 жастағы баланы талап тастағанын хабарлаған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді