Қазақстанда смартфондарды тіркеу бойынша сервис орталықтарының саны артады

Фото: pexels
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун 12 қараша күні Мәжіліс кулуарында қазақстандықтардың смартфондарын тіркеу міндетінің өзектілігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бұл жаңашылдықтың негізгі себебі – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

"Ең алдымен, елге тіркеуден өтпейтін телефондардың әкелінуіне жол бермеу үшін жасалып отыр. Бұл қауіпсіздік пен алаяқтық мәселелерімен байланысты. Әрбір телефон заңсыз мақсатта пайдаланылуы мүмкін. Сонымен қатар, кейбір салықтар төленбей келген", – деді Дмитрий Мун.

Вице-министрдің пікірінше, смартфондарды тіркеу сервисі тиімді жұмыс істеп жатыр.

"Бастапқы кезде қызмет жаңа іске қосылғандықтан, сұраныс жоғары болды. Болашақта мұндай сервистердің саны артып, азаматтарда таңдау мүмкіндігі көбейеді деп күтеміз", – деді ол.

Айта кетсек, бұған дейін Қазақстанда батырмалы телефондар арқылы да мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті кеңейту жоспарланып отырғаны хабарланған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы