Депутат жеке шекаралар мен жеке құқықтар бар екенін атап өтті, сезімдерді білдіру тыйым салынбайтынын айтты.
"Қазақстанда ЛГБТ қауымдастығына өмір сүруге тыйым жоқ. Тек насихат қана заңмен шектеледі: егер олар аргументтеп, біз оларды қолдауға тиіспіз деп айту болса. Олар да осы қоғамның бір бөлігі және бірлікке шақырады немесе бұл іс жақсы деп қоғамға насихат жасайды – сол кезде ғана насихат болып саналады. Ал мысалы, саябақта қол ұстасып жүрген болса – бұл насихат болып есептелмейді. Бұл олардың жеке шекарасы, мұнда ешқандай сұрақ жоқ. Бұл насихат емес, мұнда сұрақ та жоқ", – деді депутат.
2025 жылғы 12 қарашада Мәжіліс депутаттары ЛГБТ насихаттауына қатысты түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.