ІІМ: Он күнде заңсыз айналымнан 80 келі "синтетика" тәркіленді

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
"Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында Ішкі істер министрлігі есірткі қылмыстарын анықтау мен жолын кесу, сондай-ақ азаматтар, әсіресе жастар, есірткі айналымына тартылмауы үшін жүйелі жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Соңғы 10 күнде полиция есірткі қылмысына қатысы бар 27 адамды ұстады. Есірткі жасырғандардан бастап, оны бизнес ретінде ұйымдастырушыларға дейін анықталып, жолы кесілді.

Петропавл қаласында 20 жастағы жігіттен 290 грамм "синтетика" тәркіленді.

Шымкент қаласында бұрын сотталған 27 жастағы ер адамнан жарты келіден астам мефедрон, электронды таразы және буып-түюге арналған қаптамалар алынды.

Ақмола облысы, Астана – Астраханка тасжолында жасырын қойма табылып, 12,5 келі мефедрон тәркіленді.

Қарағанды қаласында 25 жастағы ер адамнан 400 грамм Альфа-PVP есірткісі алынды. Сонымен қатар облыста жасырын есірткі зертханасы анықталып, одан 52 келі дайын Альфа-PVP және 2 тонна прекурсор тәркіленді.

Барлық күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицияның үйлесімді әрекеттерінің арқасында 10 күн ішінде заңсыз айналымнан 80 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. Бұл шамамен 240 мыңнан астам бір реттік доза. Есірткі айналымға түспегендіктен, мыңдаған тағдыр құтқарылды.

Ішкі істер министрлігінің есірткіге қарсы іс-қимыл комитеті елімізде есірткіге қарсы күресті жалғастырып, басқа мемлекеттік органдар мен қоғаммен ынтымақтастықты нығайтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты