Алматыда тұрғын үйдің бағасы шарықтап барады

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматыда баспана бағасы тағы да қымбаттады. Қалада жаңа салынған пәтердің шаршы метрі орта есеппен 650 мың теңге, ал екінші нарықтағы үйлердің құны 678 мың теңгеге жетті. Тұрғындар жалға алу ақысының да күрт өскенін айтып отыр.

Қазір мегаполистің шеткі аудандарында бір бөлмелі пәтерді жалға алу құны шамамен 150 мың теңге болса, орталықтағы осындай баспаналар 700 мың теңгеден жоғары бағаланады, деп жазады qazaqstan.tv.

10 жылдан бері риелторлықпен айналысып келе жатқан Шолпан Абакованың айтуынша, қараша айында жалға алу нарығы біршама тынышталған. Себебі сұраныс азайған. Егер күз айларында айына 30-ға жуық клиентке қызмет көрсетсе, соңғы уақытта олардың саны екі есеге азайған.

"Тыныш аудандардағы пәтерлер орталыққа қарағанда 20–30 пайызға арзан. Метроға жақын нұсқаларды іздеген жөн. Бір бөлмелі пәтердің орнына асүй-студиясы бар "евро екі бөлмелі" пәтерлер тиімді, бағасы шамалас келеді. Риэлторға жүгінгенде нақты бюджетіңізді айтсаңыз, біз соған сай нұсқаларды таңдай аламыз". Шолпан Абакова, риелтор

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл жаңа тұрғын үйлердің бағасы 12,5 пайызға, ал екінші нарықтағы пәтерлер 10,2 пайызға қымбаттаған. Сарапшылар бұны инфляцияның жоғарылауы мен теңгенің әлсіреуімен байланыстырады.

Баға өссе де, тұрғын үйге деген сұраныс азаймаған: қазан айында ел бойынша 40 мыңнан астам пәтер сатылған, оның 8 мыңы Алматыда. Алайда мамандар келер жылы нарық бәсеңдеуі мүмкін екенін айтады.

"Келер жылы тұрғын үй нарығы тұрақсыз болуы мүмкін. Себебі салық жүйесі мен кейбір ережелер әлі бекітілген жоқ. Құрылыс компанияларына қойылатын талаптар да күшейді, ал халық табысының төмендеуі сауда-саттықты баяулатуы ықтимал". Нина Лукьяненко, Қазақстан риэлторлары қауымдастығы президентінің кеңесшісі

Сарапшылар баспана іздеген азаматтарға асықпай, нарықты бірнеше ай бақылап, банктер мен құрылыс компанияларының ұсыныстарын салыстыруға кеңес береді. Әр шешімді қабылдамас бұрын тәуекел мен мүмкіндікті мұқият бағамдау қажет.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты