Қазақмыс пен Freedom Cloud ЖИ мен өндірісті цифрландыруды дамыту үшін бұлтты жүйеге көшу процесін іске қосады

Сурет: "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС
"Қазақмыс" корпорациясы мен қазақстандық Freedom Cloud IT-компаниясы Цифрлық технологиялар саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бірлескен жұмыс кәсіпорынның IT-инфрақұрылымын жаңғыртуға, өндірістік үдерістерге бұлттық шешімдер мен жасанды интеллектті енгізуге бағытталады.

Бұлттық жүйеге көшу компанияның барлық есептік және желілік ресурстарын біртұтас цифрлық ортада біріктіруге мүмкіндік береді, мәліметтің қауіпсіздігін және негізгі жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

"Бүгінгі таңда нарық пен технологиялар сенімділік, киберқауіпсіздік және негізгі үдерістерге толық бақылауды сақтай отырып бейінді емес қызметтерді кәсіби ойыншыларға біртіндеп тапсыруға мүмкіндік беретін деңгейге жетті. Біз бұл қадамға бір реттік жоба ретінде емес, өзара сенімге негізделген ұзақ мерзімді серіктестік ретінде қараймыз. Бұл біздің жүйелердің тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ цифрлық қызметті дамытуда жаңа мүмкіндік ашуға ықпал етеді. Бұл қадам екі компания үшін де ой елегінен өткізілген салмақты шешім және алға қарыштап дамудың бастамасы болды", – деп нақтылады "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев.

Сурет: "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС

2026 жылғы қаңтардан маусымға дейін "Қазақмыс" бұлттық инфрақұрылым мен жаңа цифрлық қызметтердің жұмысын сынақтан өткізетін ілкі жобаны жүзеге асырады.

Сурет: "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС

Ілкі жоба келесідей мүмкіндік береді:

Сурет: "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС

Freedom Cloud компаниясы Tier III деңгейіндегі инфрақұрылымды резервтік көшірумен, киберқорғаумен және тәулік бойы мониторингпен қамтамасыз етеді. Осы шешімнің негізінде жасанды интеллект арқылы процестерді басқару технологиясын және DevOps жүйесін сынақтан өткізеді. Бұл жаңа цифрлық құралдарды жылдам енгізуге мүмкіндік береді.

"Елдегі ірі өнеркәсіптік компаниялардың бұлтты технологиялар мен жасанды интеллектке бет бұра бастауы цифрлы экономиканың жаңа кезеңіне қадам басқанының белгісі. Біз "Қазақмысқа" тиімділікті арттырып қана қоймай, жасанды интеллект пен бұлтты шешімдерді қолдануда тұтас тау-кен металлургия саласына үлгі болатындай инфрақұрылым құрып жатырмыз", – деді Freedom Cloud компаниясының бас директоры Темірлан Зиналабдин.

Сурет: "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС

Алдағы уақытта тараптар өнеркәсіптік алаңдарда мәліметті өңдеудің модульдік орталығын (МӨМО) құру және басқарылатын бұлттық қызметтерді енгізу бойынша ынтымақтастықты дамытуға ниетті. Бұл өндірістің тиімділігін арттырып, компания ішіндегі цифрлық қызмет сапасын жақсартуға көмектеседі.

Қазақстан
"Қазақмыс"

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды