"Өмір сыйла – Донор бол": Атырауда полицейлер жол апатынан зардап шеккендерге арнап қан тапсырды

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Атырау облысы аумағында 18–23 қараша күндері жол-көлік оқиғаларының алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды жолда сақтық шараларын қаперде ұстауға шақыру мақсатында республикалық "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Іс-шара аясында патрульдік полиция қызметкерлері Атырау облыстық қан орталығында донорлық акцияға қатысты. Полицейлер әрқайсысы 450 миллилитрден қан тапсырып, жалпы көлемі 6 литрге жуық донорлық қан өткізу арқылы бірнеше адамның өмірін аман алып қалуға мүмкіндік жасады.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Донорлыққа қатысқан тәртіп сақшыларының айтуынша, қызметтік міндеттерін атқару кезінде жол-көлік оқиғаларында қан жоғалту салдарынан өмірі қыл үстінде тұрған адамдарды жиі кездестіреді. Осы орайда, олар қан тапсырудың маңызын жақсы түсінеді және мұндай игі іске әрдайым үлес қосуға дайын.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қан орталығынык мамандары полицейлердің белсенді қатысуын жоғары бағалап, мұндай үлгілі қадам қоғамға зор серпін беретінін атап өтті. Донорлық – тек медициналық қажеттілік емес, қиын жағдайда қалған жандарға көрсетілетін тікелей көмек, адам өмірін сақтап қалудың нақты жолы.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл шара полицейлердің тек құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен шектелмей, азаматтардың өмірін қорғауға бағытталған әлеуметтік бастамаларға да ерекше мән беретінін көрсетеді. Атырау полицейлері алдағы уақытта да осындай қайырымдылық және қоғамдық маңызы бар іс-шараларға белсене қатысуды жалғастырмақ.

Атырау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі