Ұзақмерзімді және қайтарымды инвестициялар: Үкімет экономикалық тиімділігі жоғары жобаларды жүзеге асырады

Сурет: primeminister.kz
Премьер-министр Сенат депутатының сұрақтарына жауап бере отырып, қарыз алу негізінен коммерциялық тұрғыдан тартымды әрі өзін өзі ақтайтын жобаларға тартылуы керектігін,олар кейіннен бюджетке кіріс алу арқылы пайдалану процесінде құрылысқа тартылған қарыздарға қызмет көрсететінін атап өтті.

Мысал ретінде қазірдің өзінде үлкен пайда әкеліп отырған автожол жобаларын айтуға болады. Өткен жылы бюджетке ақылы жолдардан 48 млрд теңге түскен болса, оның 10 млрд-ын транзитпен өтетін шетелдік көліктер төлеген. Ал осы жылдың 10 айында 72 млрд теңге кіріс келді, оның 17 млрд теңгесі – шетелдік автокөліктерден.

Олжас Бектенов Үкімет аталған жұмысты жалғастыратынын атап өтті. Бұл ретте жекелеген сарапшыларға қарыз қаражаты есебінен салынған нысандар беретін жалпы экономикалық әсерді ескеру маңызды.

"Жоғары сыныпты магистраль салынған жерде экономикалық белсенділік мүлдем басқа. Неге екені белгісіз, осы жол бойында 50 жанармай құю бекеті, 100 кафе салынғанын ескермейді. Бұл халықты жұмыспен қамтуға, төленген салықтар және экономикалық өсімге әкеледі. Мұндай инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция салынбаса, онда, әрине, даму да болмайды. Сондықтан біздің ойымызша, жоспарлы жұмсалатын қарыздар – экономикалық дамуға айтарлықтай әсер етеді. Біз қаражатты қандай жобаларға жұмсау керектігін мұқият қарайтын боламыз", — деп атап өтті Премьер-министр.
Қазақстан
Бектенов Олжас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды