Астана мен еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
"Қазгидромет" РМК 2025 жылдың 23 қарашасында Астанада және Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертен Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман болады, күндіз шығыстан соққан желдің Алакөл көлдері аудандарындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Талдықорғанда 23 қарашада түнде және таңертен тұман түседі деп күтіледі.

Астанада 23 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, күндіз қөқтайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді, ал облыстың шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда 23 қарашада түнде қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, күндіз қөктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде 23-28 м/с дейін жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында да тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман болады деп болжанады.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында және орталығында да тұман түседі деп күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қостанайда 23 қарашада таңертең және күндіз көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың шығысында 23 м/с дейін жетеді. Көкшетауда 23 қарашада түнде көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында тұман түседі деп күтіледі. Оралда да 23 қарашада тұман болады деп болжанады.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК еліміз бойынша 2025 жылғы 23 қарашаға арналған ауа райының жалпы болжамын жариялаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты