Жедел жәрдем қызметкерлері науқасты далада қалдырды: Қазақстан билігі желіде тараған бейнеге түсініктеме берді

Фото: пресс-служба акимата Алматы
Қазақстанның жалған ақпаратқа қарсы күрес орталығы 23 қарашада әлеуметтік желілерде және кейбір онлайн-БАҚ-та қазақстандық жедел жәрдем қызметкерлері науқасқа медициналық көмек көрсетпей, көшеде қалдырып кеткені туралы фейк видео тарап жатқанын жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталық ақпаратына сүйенсек, роликке жүргізілген талдау көрсеткендей, видеодағы адамдар қазақстандық жедел жәрдем қызметкерлері емес:

"Таратылған видеода авторлар қатысу әсерін күшейтетін және көрерменде жағымсыз эмоциялар тудыратын аудио жолақты мақсатты түрде салған. Мұндай техникаларды қолдану жағдайды бұрмаланған түрде қабылдауды қалыптастыруға және аудиторияға эмоциялық қысымды арттыруға бағытталған манипуляцияның әдістері болып табылады. Бұл роликтің ақпарат беру үшін емес, керісінше негативті күшейту және шұғыл қызметтерді дискредитациялау үшін жасалғанын қосымша растайды",- делінген ақпаратта.

Бұл ретте, роликтегі оқиға 2024 жылдың 11 наурызында Волгоград қаласында болғаны және сол уақытта ресейлік БАҚ-та кеңінен жарияланғаны анықталды.

Бұған дейін кісі өлтіруге шақырған алты адам Қазақстанның төрт қаласында ұсталғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған