Ережелер бірқатар жаңа тармақтармен толықтырылған.
Атап айтқанда, мемлекеттік сараптама ұйымы уәкілетті органның сұрауы бойынша өндірушінің дәрілік заттың (ДЗ) саудалық атауына арналған шекті бағаларының жобаларын, сондай-ақ көтерме және бөлшек саудаға арналған үстемеақыларды қоса отырып, шекті бағаларды жолдайды. Сонымен қатар ДЗ-ның саудалық атауы мен халықаралық патенттелмеген атауына арналған шекті бағалар жобалары кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі және МӘМС жүйесі аясында бекіту үшін ұсынылады.
Уәкілетті орган өндірушінің дәрілік заттың саудалық атауына белгіленген шекті бағаларын, көтерме және бөлшек үстемеақыларды, сондай-ақ кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі және МӘМС шеңберінде ДЗ-ның саудалық атауы мен халықаралық патенттелмеген атауына арналған шекті бағаларды бекітеді.
Одан кейін мемлекеттік сараптама ұйымы уәкілетті органның сұрауы бойынша медициналық мақсаттағы бұйымдардың (ММБ) саудалық атауына және техникалық сипаттамасына арналған шекті бағалар жобаларын кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі және МӘМС жүйесі аясында бекітуге жолдайды.
Уәкілетті орган ММБ-ның саудалық атауы мен техникалық сипаттамасына арналған шекті бағаларды кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі және МӘМС шеңберінде бекітеді.
Бұйрық 2025 жылғы 24 қарашадан бастап күшіне енеді.