Жүктілік пен босануға байланысты әлеуметтік төлемге өтінішті банк арқылы беруге болады

Фото: pexels
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Цифрлық даму министрлігі екінші деңгейлі банктер арқылы жүктілік пен босануға байланысты әлеуметтік төлемді тағайындау қызметін жүзеге асыратын пилоттық жобаны әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түсіндірмеде атап өтілгендей, пилоттық жобаның мақсаты — мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін автоматтандыру және оңтайландыру, әлеуметтік төлемді алу қолжетімділігі мен ыңғайлылығын арттыру, сондай-ақ қызмет көрсету мерзімдерін қысқарту.

Сонымен қатар жүктілік пен босануға байланысты әлеуметтік төлемге өтініш беру үшін қашықтан өтініш тапсырудың балама форматы қарастырылған. Бұл атаулы әлеуметтік төлемді алу процесін одан әрі жеңілдетеді және қолжетімді етеді.

Жобаның күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу мерзімі — 2026 жылдың соңына дейін.

Құжат 2025 жылғы 11 желтоқсанына дейін көпшілік талқылауы үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды