Жалған “ЖКО схемасы”: қария 13 млн теңгесін алаяқтарға беріп қойды

Фото: pexels
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақстандықтың атына алаяқтық жолмен несие рәсімделген жағдайда қандай әрекет жасау керектігін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Не істеу керек?

1. Банкке немесе микроқаржы ұйымына (МҚҰ) дереу хабарласыңыз

Кредиторға телефон шалыңыз немесе жазбаша түрде хабарласыңыз. Несие алаяқтық жолмен рәсімделгенін айтып, келесілерді талап етіңіз:

2. Полицияға жүгініңіз

Полицияға өтініш беріңіз (eGov, eOtinish немесе бөлімшеге барып). Өтініште көрсетіңіз:

3. Процессуалдық құжат алыңыз

Полиция сізге төмендегі құжаттардың бірін беруі тиіс:

4. Есептеулердің тоқтатылғанын тексеріңіз

Кредитор полиция құжатын алғаннан кейін 3 күнтізбелік күн ішінде міндетті түрде:

5. Егер кредитор шара қабылдамаса – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағымданыңыз.

Банк/МҚҰ-ның бас тартуын және полицияның процессуалдық құжатын тіркеп, eOtinish арқылы шағым жіберіңіз.

6. Қарызды есептен шығару тек белгілі бір негіздер болғанда ғана мүмкін

Қандай заңбұзушылықтар елеулі болып есептеледі:
МҚҰ-да 75 АЕК-тен жоғары микронесие – келісім жасалғаннан кейін 24 сағат өтпей және қарыз алушының келісімінсіз берілсе.
Бұл шектеулер клиент бір күн ішінде бірнеше онлайн-несие рәсімдесе де қолданылады
Ерекшеліктер:
  • несие тауар/қызмет үшін төлемге берілсе және сатушыға тікелей өтсе;
  • немесе сол банктегі/МҚҰ-дағы қарызды өтеуге бағытталса;
  • не төлем картасының 150 АЕК-ке дейінгі лимиті аясында рәсімделсе.
Қандай құжаттар қажет:
  • полицияның жәбірленуші деп тану туралы қаулысы (ҚПК 71-бабы), немесе
  • полицияның алаяқтыққа ықпал еткен жағдайларды жою туралы ұсынуы (ҚПК 200-бабы).
Кредитор не істейді:
  • Егер аталған заңбұзушылықтар анықталса және құқық қорғау органдарының процессуалдық құжаттары болса, кредитор 3 жұмыс күні ішінде:
  • қарызды есептен шығарады;
  • кредиттік тарихты түзетеді;
  • ұсталған қаражаттарды қайтарады.
  • Сот тәртібімен қарызды есептен шығару (сот шешімі арқылы)
  • Егер банк/МҚҰ тарапынан бұзушылықтар айқын болмаса, бірақ полиция тергеуі алаяқтық фактісін растаса, іс сотқа беріледі.
Не болады:
  • полиция дәлелдер жинап, істі сотқа жолдайды;
  • сот несие алаяқтықпен рәсімделгенін және бұл банк/МҚҰ тарапынан жіберілген бұзушылықтар салдарынан мүмкін болғанын анықтайды.
  • Банк/МҚҰ-ның негізгі бұзушылықтары:
  • клиенттің дербес сәйкестендіру деректерін үшінші тұлғаның заңсыз алуы және пайдалануы (соның ішінде құрылғыны қашықтан басқару фактілері);
  • биометриялық идентификация талаптарының бұзылуы;
  • алаяқтық белгілерін анықтау және тіркеу талаптарының сақталмауы.
Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін не болады
Кредитор 10 жұмыс күнінен кешіктірмей:
  • қарызды толығымен есептен шығарады;
  • ұсталған немесе төленген қаражатты қайтарады;
  • кредиттік тарихты жаңартады.
"Полицияның процессуалдық құжаты немесе сот шешімі болмаса, банк/МҚҰ несиеyi есептен шығара алмайды.
Есептен шығару тек банк/МҚҰ тарапынан заң бұзушылықтар дәлелденген жағдайда ғана жүзеге асады.
"Егер банк/МҚҰ талаптарды орындаудан бас тартса, eOtinish порталы арқылы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағым беріңіз." Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін біз Көкшетаудың 79 жастағы тұрғыны алаяқтарға 13 миллион теңге бергенін, өйткені ол қызы жасады деп ойлаған жол-көлік оқиғасы үшін жауапкершіліктен құтқармақ болғанын хабарлағанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады