Ұшақ салонында қол жүгін орналастыру: жолаушыларға нені білу қажет

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қол жүгімен саяхаттау– көптеген жолаушылар үшін үйреншікті формат. Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) бағалауынша, әлем бойынша жолаушылардың 52%-ы тек қол жүгін алып саяхаттауды жөн көрсе, 48%-ы тіркелген жолжүк рәсімдейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы, бүгін 27 қарашада FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Атап өтілген маңызды жайттардың бірі: қол жүгін жүк сөрелерінде орналастыру жолаушының жауапкершілігі саналады.

Бортсеріктер бос орындар жайлы хабарлап, салон ішінде бағыт беруге көмектесе алады, алайда қол жүгін көтеріп қою немесе оны орын ауыстырып орналастыру қызметін орындамайды.

Жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз ету үшін әуе компаниясы бірнеше кеңес те ұсынды.

Жүк сөрелері – салондағы ортақ кеңістік

Жүк сөрелеріндегі орын нақты бір жолаушыға немесе орынға бекітілмейді. Бұл – Еуропа мен Азиядағы ірі лоукостерлер ұстанатын халықаралық авиациялық стандарт.

Қол жүгін орналастыру қағидасы: "кез келген бос сөрені кез келген жолаушы пайдалана алады".

Егер орныңыздың үстіңіздегі сөре басқа жолаушылардың қол жүгінен немесе маусымдық киімдерінен толып қалса, сіз көрші басқа кез келген бос сөрелерді, сондай-ақ салонның орталық бөлігіндегі бос сөрелерді пайдалана аласыз. Бұл – кеңістікті біркелкі бөлуге және барлық жолаушылардың жайлылығын сақтауға арналған қалыпты, жоспарлы тәжірибе.

Алдыңғы орындық астындағы кеңістікті пайдалану

Алдыңғы орындықтың астындағы кеңістік – жеке заттарыңызды, шағын сөмке немесе арқа- сөмкені орналастыруға арналған аймақ. Әсіресе, арқа-сөмкелерді мұнда қою өте ыңғайлы: олар жақсы сияды, пішінін сақтайды және жүк сөресінен орнын алмайды. Бұл аймақты пайдалану кеңістікті тиімді бөлуге және отырғызу процесін жылдамырақ әрі тәртіппен өткізуге көмектеседі.

Маңызды ерекшелік: апаттық шығу қатарларында (FlyArystan-де 12–13 қатар) отырған жолаушылар заттарын орындық астына қоя алмайды, себебі шығуға өту жолы қауіпсіздік талаптарына сай толықтай бос болуы тиіс.

Зат көлемі артқанда қолжетімді қосымша қызметтер

Саяхат форматына байланысты зат көлемі де өзгеретіні түсінікті. Сондықтан FlyArystan жолаушыларға алдын ала қолайлы нұсқаларды таңдауды ұсынады:

Екі қызметті де билетті сатып алу кезінде немесе сайттағы/қосымшадағы жеке кабинет арқылы алдын ала рәсімдеген ыңғайлы.

Саяхаттаушылар үшін практикалық кеңестер

Бұған дейін Қазақстанда 250 мың бала қашықтан оқытуға көшірілгенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды