Павлодарда тұрғындардың тыныштығын бұзған азамат жауапкершілікке тартылды

Фото: Zakon.kz
Павлодарда қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың тыныштығын бұзған азамат жауапкершілікке тартылды.

Полицияның хабарлауынша, түнгі сағат екілер шамасында Audi көлігінде отырған ер адам музыканың даусын қатты шығарған.

Осылайша ол тұрғындардың түнгі тыныштығын бұзып, мазалаған. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері көлік иесіне қатысты хаттама толтырып, осындай жағдайларды болдырмау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Полиция өкілдері тұрғын үй аумақтарында музыканы қатты қосып, тұрғындардың тыныштығын бұзу – әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

Сондай-ақ құқық бұзушылықты байқалса, дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырды. Мұндай алдын алу шаралары тұрғындар арасындағы бейбіт өмірді қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды