Астана мен Алматыдағы кезекші ХҚКО мекенжайлары өзгерді

Фото: gov4c.kz
Астана мен Алматыда кезекші Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) мекенжайлары өзгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ" баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Құрметті қызмет алушылар! 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Астана және Алматы қалаларындағы кезекші орталықтардың мекенжайлары өзгерді", – делінген хабарламада.

Қазақстандықтарға орталықтардың жұмыс кестесі еске салынды:

Сонымен қатар, арнайы ХҚКО жұмыс күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін өтінім қабылдайды, дайын құжаттар 20:00-ге дейін беріледі. Сенбіде өтінімдер 09:00-ден 12:00-ге дейін қабылданады, дайын құжаттар 13:00-ге дейін беріледі", – деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ" баспасөз қызметі.

Ескерту: кейбір өңірлерде орталықтардың жұмыс кестесі әртүрлі болуы мүмкін. Белгілі бір бөлімшенің нақты жұмыс уақытын "ХҚКО" мобильді қосымшасынан қарауға болады.

2025 жылғы 28 қарашада "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ" қызметкерлері азаматтың негізгі құжатында – туу туралы куәлікте қате кетсе, не істеу керектігін түсіндірді.

Қазақстан
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстанда 230-дан астам жаңа өнеркәсіптік жоба дайындалды

Қазақстанда скринингтен қашан және қалай өтуге болады

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Алматыда жаңа базар ашылады