Алматының өнеркәсібі жыл басынан бері жоғары өсім көрсетіп келеді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2025 жылдың қаңтар-қазан аралығында Алматының өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1 944,2 млрд теңгеге жетіп, 12,3%-ға артты.

Өңдеу өнеркәсібі 13,7%-ға өсіп, жалпы өнеркәсіптік шығарылымның 84,5%-дан астамын қамтамасыз етті. Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілдері хабарлады.

Әсіресе, машина жасау, минералдық өнім, сусын, қағаз бұйымдары, химиялық және фармацевтикалық өнім, сондай-ақ тоқыма, киім және ағаштан жасалған бұйым өндірісінде жоғары өсім байқалады.

Сектордағы өсім қаланың ірі және орта өнеркәсіптік алаңдарындағы өнім өндіру көлемінің артуымен қамтамасыз етілді. Бұған дилерлер, құрылыс компаниялары және сауда желілері тарапынан тапсырыстың көбеюі де ықпал етті.

Жыл басынан бері индустриялық аймақта және "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағында жалпы құны 225,3 млрд теңге болатын 8 жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін 80,2 млрд теңге көлеміндегі тағы 10 жобаны енгізу жоспарланып отыр.

Индустриялық аймақ аумағында жалпы құны 655,8 млрд теңге болатын және ондаған мың жұмыс орнын құрған жүзден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Биыл жаңа нысандар пайдалануға беріліп, 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, сондай-ақ шағын өнеркәсіптік парктер іске қосылды.

"Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймақ аумағында цифрлық технология, күн панельдері және медициналық жабдық өндіру салаларында жобалар жүзеге асырылды. Жыл соңына дейін тағы екі жаңа инвестициялық жобаны іске қосу көзделген.

Қазіргі кезде "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағында 193 қатысушысы тіркелген (оның ішінде 126 қатысушы экстерриториалды қызмет атқарады). Салынған инвестиция көлемі 258 млрд теңгеге, тауар, жұмыс және қызмет өндірісінің көлемі 1 трлн теңгеге жетті. Экспорт көлемі 17,8 млрд теңге, салық түсімі 72 млрд теңге, 6 974 жұмыс орны ашылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі