Қызылорда облысында мемлекет бюджетін жымқыру фактісі бойынша іс сотқа жолданды

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласының прокуратурасы 2022-2024 жылдар аралығында білім беру ұйымдарының бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесінде мемлекет бюджетін жымқыру фактісін анықтады.

Тергеу мәліметтері бойынша, орта білім беру ұйымының бас есепшісі бірнеше мұғалімдердің есеп шоттарына артық жалақы аударып, содан кейін артық қаражаттарды өзінің жеке есепшотына қайта аудару арқылы жымқырған. Нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 52 млн теңге залал келген.

Байқоңыр қаласы прокуратурасы аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, іс сотқа жолданды.

Сот үкімімен мектептің бас есепшісі кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда, кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты Қылмыстық кодекстің 74-бабына сәйкес жаза өтеу мерзімі 5 жылға кейінге қалдырылды.

Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

30 қазандағы доллар, еуро және рубль бағамы: үш қаладағы айырбас курсы

Түркі әлемінің әуені мен Димаштың өнері: Тоқаев Түркияда концерт тамашалады

Қазақстанда шетелге жұмысқа жіберу тәртібіне қатысты жаңа талаптар әзірленіп жатыр

Тоқаев пен түркі елдерінің басшыларына сақ аңшысы мен көне ескерткіштер көрсетілді