Семейде балағат сөз қолданған стендап-блогер 5 тәулікке қамалды

Фото: Zakon.kz
22 қараша күні кешкі сағат 21:00 шамасында Семей қаласының мейрамханаларының бірінде өткен стендап-шоу барысында жергілікті блогердің көпшілік алдында бейәдеп сөздер қолданғаны белгілі болды.

Оқиғаға қатысты бейнежазба әлеуметтік желілерге таралып, қоғамдық пікірдің қызу талқысын тудырды.

Полиция қызметкерлері жарияланған видеоматериалды зерделеп, аталған азаматты қоғамдық орында бейәдеп тіл қолданғаны үшін жауапкершілікке тартты.

Сот әкімшілік істі қарау барысында оның кінәсін анықтап, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу туралы шешім қабылдады.

Полиция көпшілік алдында өтетін іс-шаралар, соның ішінде әзіл-сықақ бағдарламалары да, қоғамдық мораль нормаларын сақтап, көрермендерге құрмет көрсету талаптарына сай жүргізілуі қажет.

Қоғамдық ортада бейәдеп сөздер айту, сондай-ақ оны интернет арқылы тарату заңға қайшы келеді және құқықтық жауапкершілікке әкеледі.

Осындай құқық бұзушылықтарға қатысты полиция тарапынан қажетті шаралар қабылданатын болады. Қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер назардан тыс қалмайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды