Ақтауға қонған Pegasus рейсі: жолаушылар Ақтөбеге бармайынша ұшақтан түспей қойған

Сурет: pixabay
Стамбул-Ақтөбе бағыты бойынша ұшқан Pegasus әуе компаниясының ұшағы 2 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтауға қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азаматтық авиация комитетінің Zakon.kz-ке берген мәліметінше, бортта 216 жолаушы болған.

"Әуе компания өкілдері жолаушыларға Ыстамбұл қаласына қайта ұшып, кейін 2-3 күннен соң Ақтөбеге жалғастырушы рейспен жету нұсқасын ұсынды. Алайда бұл нұсқадан 186 жолаушы бас тартып, Ақтөбеге өз бетімен жетуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар әуежайдың желілік полиция бөлімі қызметкерлері, әуе компания өкілдері және авиациялық қауіпсіздік қызметі жолаушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

"Келіссөздер нәтижесінде жолаушыларға әуе компанияның тұру орнын қамтамасыз ету және Ақтөбеге әуе билеттер беру жөніндегі міндеттемелерін растайтын электрондық қолхат жіберілді. Қазіргі уақытта әуе компания мен жолаушылар арасында келісімге қол жеткізілді. Жолаушылар әуе кемесін тастап шықты, оларға қонақүй мен тамақ беріледі", - деп хабарлады ведомство.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті