Шымкентте полиция дронның көмегімен құқық бұзушылықтарды анықтап жатыр

Фото: freepik
Шымкентте полиция департаменті жаңа заманауи дрондармен толықты. Бұл құрылғылар түнгі уақытта тиімді патруль жүргізуге арналған.

Олар қуатты жарық шамдарымен, түнгі түсірілім камераларымен, дауыс зорайтқыштарымен жабдықталған және қаланың қараңғы аумақтарын бақылауға мүмкіндік береді.

Аталған технологиялар құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, алдын алуға қөмектеседі. Дрондар жоғары тиімділігін көрсетуде.

Соңғы 5 күн ішінде олардың көмегімен жол қозғалысы ережелерін бұзу жайттарынан бастап, қоғамдық орындардағы тәртіп бұзушылықтарға дейін 50-ден астам жайт анықталды.

Сонымен қатар дрондар құқық бұзушының көлігін қашықтықтан бақылап, экипаж жеткенге дейін оның қозғалыс бағытын қадағалай алады.

Мұндай инновациялық жүйелер түнгі бақылауды күшейтіп, полицияның жедел әрекет етуіне мүмкіндік береді. Шымкент тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру жолында сенімді қадам жасап, заманауи технологияларды тиімді пайдалануда.

Шымкент
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды