Елімізде ата-ана қамқорлығынсыз қалған 58 мың түлек үй кезегінде тұр

Фото: freepik
Қазақстанда ата-ана қамқорлығынсыз қалған және балалар үйінің түлектері үшін баспана мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Ел бойынша 58 мыңнан астам жас пәтер кезегінде тұр.

Тәуелсіздік алғаннан бері бұл санаттағы азаматтарға берілген пәтер саны 10 мыңға да жетпейді.

Ақтөбе облысында балалар үйінің түлегі Темірхан Базарқұлов биыл ұзақ жылдар күткен баспанасына қол жеткізді. Ол 2012 жылы кезекке тұрған. Ал өңірде Темірхан сияқты үй кезегін күтіп жүрген 700-ден астам түлек бар, деп жазады qazaqstan.tv.

"Мейірім" жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығында қазір 40 жас тұрып жатыр. Олар 29 жасқа дейін орталықта қалып, әлеуметтік қолдау ала алады. Соңғы үш жылда мұндағы 24 түлек баспаналы болған. Дегенмен облыстағы 778 тәрбиеленушінің тек 19-ында ғана жеке пәтер бар.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің дерегінше, 2025 жылы елімізде ата-ана қамқорлығынсыз қалған 1 275 балаға тұрғын үй берілген. Алайда бұл көрсеткіш мәселені шешуге жеткіліксіз.

Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметі бойынша, 2023–2024 оқу жылында 3 239 түлек мектеп бітірген. Заңға сәйкес коммуналдық тұрғын үйлердің 20 пайызы осы санатқа бөлінуі тиіс. Алайда өңірлерде жылына бар болғаны 10–13 түлекке ғана пәтер беріледі. "Отбасы банкі" арқылы соңғы екі жылда үш қана жас баспана алған.

Мамандардың айтуынша, қазіргі қарқынмен балалар үйінің барлық тәрбиеленушісін баспанамен қамту үшін кемінде 50 жыл қажет.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты