Қазақстанда тазы тұқымын қалай асылдандыруда

Фото: akorda.kz
Алматы облысында қазақы тазының аңшылық қабілеті сыналды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан кинологтар одағы ұйымдастырған шараға еліміздің бірнеше өңірінен 15 тазы қатысты. "24.kz" ақпаратынша, сынақ барысында иттердің қоянның адымын аштырмай тез қуып жетуі, жылдамдығы, шапшаң бұрылуы, иіс сезуі және төзімділік секілді қасиеттері бағаланады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама ұлттық тұқымды жүйелі түрде асылдандыруға бағытталған.

"Қазіргі таңда біз тек қана сыртқы пішіндерін зерттеп, бағалап, сол бағаларды асылдандыру бағдарламасында пайдаланып жатырмыз. Биылдан бастап осы жүйені, ең басты мақсат, осы жүйені қалыптастыру. Қалыптастырғаннан кейін бұл бағалар міндетті критерий болып есептелетін болады асылдандыру мақсатында. Яғни айтсақ, төменгі баға алған иттер жұптастыруға жіберілмейді".Бауыржан Серікқали, Қазақстан кинологтар одағының президенті:

Бұған дейін Қазақстанда өнім өндіруге қажетті импорттық тауарлар тізімі бекітілгені хабарланған болатын.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды