Сарысу аудандық соты басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн көрінеу жалған мәліметтерді көпшiлiк алдында тарату фактісі бойынша азаматқа қатысты істі қарады.
"Сот Е.-нің өзінің "Facebook" әлеуметтік желісіндегі парақшасында Т. есімді адаммен хат алмасудың скриншоттарын жариялағанын, онда аурухана әкімшілігіне, оның ішінде бас дәрігер К.-ға қатысты жала жабу сипатындағы шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер қамтылғанын анықтады. Жариялауда аурухана қызметкерлерінің іс-әрекеттерін теріс көрсетуге бағытталған мәлімдемелер, сондай-ақ медициналық ұйымның қызметіне байланысты негізсіз айыптаулар орын алған",- делінген ақпаратта.
Құқық бұзушы Е. кінәсін мойындамай, теріс мәлімдемелер оған тиесілі емес екенін түсіндірді, бірақ ол хат алмасудың скриншоттарын жариялау фактісін растады.
Жәбірленуші – аудандық аурухананың бас дәрігері К. Е.-нің іс-әрекеті оның іскерлік беделіне, абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтіргенін түсіндіріп, оған заңға сәйкес жаза тағайындауды сұрады.
"ӘҚБтК 73-3-бабы 2-бөлігінің санкциясы жеке тұлғаға 180 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды немесе 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді. Сот, 6 кәмелетке толмаған баланың болуын ескере отырып, айыппұл мөлшерін 30%-ға азайтты. Сот қаулысымен Е. ӘҚБтК 73-3-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 495 мың теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындалды".Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.