БҚО әкімі өзінің резиденцияда тұрып жатқаны туралы сыбысқа қатысты пікір білдірді

Сурет: Орталық коммуникациялар қызметі
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев 2025 жылғы 8 желтоқсанда ОКҚ-да өткен брифинг барысында өңірдегі резиденцияларға қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Янайкино және Орал ауылдарындағы екі резиденция төңірегіндегі жағдайға қызығушылық танытып, сұрақ қойды. Кейбір деректер бойынша, бұл нысандарды күтіп-баптап ұстауға жыл сайын тиісінше 100-115 млн теңге бөлінетін көрінеді.

Алайда әкім өңірде резиденция деген атымен жоқ деп, бұл мәліметті мүлде теріске шығарды.

"Батыс Қазақстан облысының аумағында резиденциялар жоқ. Янайкинодағыны жұрт жалпақ тілмен "резиденция" деп атап кеткен. Нақтысында, Янайкинода жабайы табиғатты қорғау үшін бір кездері нысан құрылған. Иә, бордақылап, жағдай жасаймыз, бұл мәселеде көмектесетін арнайы ұйым бар", - деді Нариман Төреғалиев.

Оның айтуынша, Орал қаласында да резиденция жоқ.

"Біздің облыста резиденция жоқ. Бұл нысан ҚР заңнамасына сай күзетіледі әрі тұлғалар мен ресми делегациялардың уақытша тұруына арналған. Оның резиденция деген мәртебесі жоқ. Осыны дұрыс түсіну керек. Ал жұрттың "резиденция" деп атауы — жай, ел аузындағы сөз. Заңда аталған нысанның мақсаты мен оның функциялары нақты айқындалған", деп атап өтті өңір басшысы.

2022 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердегі барлық резиденцияларды балаларға арналған әлеуметтік нысандарға беруді тапсырған болатын

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек