БҚО-да бәліш арқылы тергеу изоляторына тыйым салынған зат өткізбек болған күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
БҚО бойынша тергеу изоляторына тыйым салынған затты өткізбек болған азамат ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысындағы тергеу изоляторында режим бөлімі қызметкерлері азық-түлік сәлемдемелерін тексеру барысында үйден әкелінген бәліштің ішіне жасырылған, ерекше иісі бар жасыл түсті затты анықтап, тәркіледі.

Азаматтық тұлға аталған затты азық-түлікпен бірге тергеу қамауындағы адамға өткізубек болған.

Бұл факт жаппай бейнебақылау жүйесі арқылы тіркелді.

"Қазіргі уақытта тыйым салынған затты ҚАЖД мекемесіне өткізуге талпынған азаматқа Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады полиция.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік