Дохада ҚР президентінің телерадиокешені мен Al Jazeera арасындағы серіктестікті дамыту мәселелер талқыланды

Сурет: ҚР Президентінің телерадиокешені
Доха қаласында Қазақстан Республикасы президентінің телерадиокешені мен әлемдегі ең ірі халықаралық медиакомпаниялардың бірі – Al Jazeera Media Network басшылығының кездесуі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында Президенттің телерадиокешенінің директоры Раушан Қажыбаева мен Al Jazeera Media Network-тің бас директоры шейх Нассер бин Фейсал әл Тани ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын, сондай-ақ Al Jazeera-ның Орталық Азиядағы қатысу аясын кеңейту мәселелерін талқылады. Тараптар арнаның Қазақстан аумағында хабар тарату мүмкіндігіне және бүкіл өңірдегі оқиғаларды жариялауға арналған кәсіби база құруға қызығушылық білдірді.

Келіссөздер барысында журналистердің кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларға ерекше назар аударылды. Al Jazeera Президенттің телерадиокешені жүзеге асырып отырған, екі медиақұрылымның кадр даярлау саласындағы тәжірибесін институционалдық деңгейде ұштастыруға бағытталған жобаларға қызығушылық танытты. Тараптар диалогты жалғастырып, бастамаларды 2026 жылы практикалық тұрғыда іске асыруға көшу жөнінде келісімге келді.

Шейх Нассер бин Фейсал әл Тани Раушан Қажыбаеваға шақырғаны үшін алғыс білдіріп, жақын арада Қазақстанға ресми сапармен келуге дайын екенін растады.

Сапар аясында Раушан Қажыбаева Al Jazeera Media Institute директоры Иман әл Амримен де жеке кездесу өткізді. Кездесуде журналистік білім беру саласындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Еске салайық, 2024 жылы Қазақстанда Maqsut Narikbayev University жанындағы Халықаралық журналистика мектебінің студенттері мен отандық журналистерге арналған "Al Jazeera апталығы" алғаш рет ұйымдастырылған болатын. Кездесу қорытындысы бойынша 2026 жылы "Al Jazeera апталығын" екінші рет өткізу жоспарлары расталды.

Сонымен қатар Al Jazeera Media Institute қазақстандық студенттер мен кәсіби мамандарға институттың көпжылдық журналистік тәжірибесін жинақтаған авторлық кәсіби әдебиеттердің ауқымды кітапханасына қолжетімділік беруді ұсынды.

Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Al Jazeera English телеарнасына эксклюзивті сұхбат берген болатын.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды