Көлік министрлігі мереке күндердегі әуе рейстеріне қатысты маңызды шешім қабылдады

Сурет: Zakon.kz
Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың төрағалығымен Air Astana, FlyArystan, SCAT, VietJet Qazaqstan әуе компанияларының, сондай-ақ Астана және Алматы әуежайлары басшылығының қатысуымен кеңес өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кеңес барысында мерекелік күндері әуежайлар мен әуе компанияларының жұмыс режимін күшейту мәселелері қаралды.

Мерекелік кезеңде жолаушылар сұранысының артуын қамтамасыз ету мақсатында келесі бағыттар бойынша 100 қосымша рейс ұйымдастыру жоспарланып отыр: Астана – Алматы, Алматы – Орал, Алматы – Семей, Астана – Түркістан, Астана – Ақтөбе, Алматы – Ақтау, Алматы – Ақтөбе және Астана – Шымкент.

Кеңес қорытындысы бойынша мынадай тапсырмалар берілді:

1. Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің авиациялық инспекторларына мерекелік күндері мониторингтік топтар құрып, жолаушылардың құқықтарын қорғау және рейстердің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Астана және Алматы қалаларындағы ірі әуежайларда болу тапсырылды.

2. Әуе компаниялары мен әуежайларға:

Жолаушыларға рейстердің мәртебесі мен ұшу уақытын әуе компаниялары мен әуежайлардың анықтама қызметтері, сондай-ақ ресми сайттар мен мобильді қосымшалар арқылы алдын ала нақтылау ұсынылады.

"Әуе компаниялары мен әуежайлар қабылдап жатқан барлық шаралар, ең алдымен, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Осыған байланысты объективті себептермен туындайтын рейстердің кешігуіне түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін ауа райына байланысты бес бағыт бойынша пойызға қосымша орындар ашылғанын хабарлаған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек