Қызылордада алғаш рет бір күнде үш бүйрек ауыстырылды

Сурет: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханада үш науқасқа бүйрек трансплантациясы сәтті жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы трансплантация 41 жастағы әйел адамға жасалды. Реципиенттің ағасы донор болып, бүйрегін берді.

Екінші трансплантация 20 жастағы жігітке жасалды. Бұл жағдайда донор ретінде науқастың 54 жастағы анасы қатысты.

Ал үшінші ота 43 жастағы әйел адамға жасалды. Науқастың жұбайы донор болып, бүйрегін берді.

Трансплантацияны Қызылорда облыстық көпбейінді облыстық ауруханасының бас дәрігері, трансплантолог, PhD Жасұлан Баймаханов, бас дәрігердің хирургия жөніндегі орынбасары, PhD Ербол Серікұлы және "А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы" АҚ-ның трансплантологтар Ернұр Белгібаев, Елшат Нәбиевтің командасымен бірлесіп жасады.

"Ота сәтті өтті. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы орташа ауыр, тиісті ем қабылдап жатыр". Денсаулық сақтау министрлігі

Айта кету керек, бұған дейін ауруханада 8 рет бүйрек, 1 бауыр алмастыру отасы сәтті жасалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін