Әлемдегі алмаз қоры қашан таусылатындығы болжанды

Сурет: pixabay
Әлемдегі экономикалық тұрғыдан тиімді алмаз қоры 1,8 миллиард каратты құрайды, бұл жыл сайын 90 миллион карат өндірілсе, шамамен 20 жылға жетеді. Ал егер өндіріс көлемін қысқартса, қор 50–60 жылға жеткілікті болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы РИА Новости тілшісіне "АЛРОСА" компаниялар тобының (Ресейдегі алмаз өндіру, өңдеу және сату саласында жұмыс істейтін) корпоративтік қаржы және инвесторлармен байланыс басқармасының басшысы Сергей Тахиев айтып берді.

Оның сөзінше, алмаз қорының жартысынан көбі Ресейде орналасқан. Қалғаны Африкадағы – Ботсвана мен Ангола елдерінде.

Қараша айында Архангель облысының губернаторы Александр Цыбульский аймақтағы В. Гриб атындағы кен орнында 55,96 және 135,75 караттық екі зергерлік сапалы алмаз табылғанын мәлімдеді.

Оның сөзінше, бұл табылған алмаздар осы жылы кен орнында өндірілген үшінші және төртінші ең ірі алмаздар болып саналады.

Бұған дейін Еуроодақтың Грузияға қаржылай қолдау көрсетуді тоқтататындығын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

31 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды