Еуроодақ Грузияға қаржылай қолдау көрсетуді тоқтатады
Сурет: pixabay
"Известия" газетінің жазуынша, Еуропалық комиссия Грузияны терең саяси дағдарысқа ұшыраған ел деп санайды. Сонымен қатар, 2024 жылғы парламенттік сайлаудан кейін елдегі адам құқықтарының жағдайы айтарлықтай нашарлаған.
Қараша айының соңында билік басындағы "Грузин арманы – демократиялық Грузия" партиясының бас хатшысы, Тбилиси қаласының әкімі Каха Каладзе Еуроодаққа мүшелікке өту жөніндегі келіссөздерден бас тартқаннан кейін бір жыл өткен соң, Грузия өз егемендігін едәуір нығайтқанын мәлімдеген.
2024 жылғы 28 қарашада Грузияның премьер-министрі Ираклий Кобахидзе Еуроодаққа мүше болу жөніндегі келіссөздер мәселесін 2028 жылға дейін тоқтата тұратынын жариялады. Осыдан кейін елде жаппай тәртіпсіздіктер басталды.
Наразылық білдірушілер жаңа парламенттік сайлау өткізуді, сондай-ақ бұған дейін өткен акциялар кезінде ұсталған азаматтарды босатуды талап етті.
Бұған дейін Қазақстаннан Грузия бағытына қарай жаңа әуе рейсі ашылғанын жазғанбыз.