Жаңа жылдық дастархан қаншаға қымбаттады – Сауда министрлігі хабарлады

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 17 желтоқсанда Үкіметте өткен баспасөз конференциясында Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті төрағасы Ернұр Жаутікбаев биылғы жаңа жылдық дастарханның бағасының қаншалықты қымбаттағанын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ернур Жәутікбаевтың айтуынша, министрлікте осы азық-түлік себетін талдау жүргізілген.

"Жаңа жылдық себетке алынатын 37 өнімді қарастырсақ, оның ішінде екі ыстық тағам – тауық еті мен сиыр еті бар. Өткен жылы бұл шамамен 68 мың теңге болса, қазіргі таңда 70 мың теңге шамасында. Айырма осы. Кейбір тауарлар арзандаған, кейбірі аздап қымбаттаған, бірақ жалпы динамика осындай", – деді комитет төрағасы.

Айта кетейік, келе жатқан 2026 жыл Қызыл Отты Ат жылы болып, шексіз энергия, жігер және жылдам өзгерістер символын білдіреді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған