Сенат Салық кодексіне енгізілген түзетулерді мақұлдады

Фото: unsplash
2025 жылғы 18 желтоқсанда Сенат депутаттары энергетика ұйымдарына қатысты Салық кодексіне енгізілген түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Сенатор Бекбол Орынбасаровтың айтуынша, заңның мақсаты – коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдарға берілетін субсидиялар, гранттар және өзге де қайтарымсыз көмектер шеңберінде мемлекеттік қолдау қаражатын толық әрі тиімді игеруді қамтамасыз ету.

"Заңның негізгі міндеті – салықтық режимді нақтылау. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен бөлінетін субсидиялар, гранттар немесе өзге де қайтарымсыз көмектерді салық салу мақсатында табыс ретінде қарастырмау, сондай-ақ субсидиялар есебінен жүргізілген шығыстарды шегерімге жатқызбау ұсынылады. Бұл нормалар акцияларының немесе қатысу үлестерінің 100 пайызы мемлекетке тиесілі және бір мезгілде электр энергиясын, суды (дистиллятты) және жылу энергиясын өндірумен айналысатын коммуналдық меншіктегі энергетикалық ұйымдарға қолданылады", – деді сенатор.

Заңның қабылдануы қаржы ресурстарын басым және аса маңызды қажеттіліктерге қайта бөлуге, өндірістік қызметті қолдау мен жаңғыртуға бағытталған қаражатты қайта инвестициялауға, сондай-ақ әлеуметтік міндеттемелерді орындауға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Сонымен қатар, құжат энергетикалық қуаттарды сақтауға, халық пен кәсіпорындардың экономикалық мүдделерін қорғауға бағытталған.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі
Халық бухгалтері

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі