"Болжаумен айналыспаймын": Жұманғарин ет бағалары туралы пікір білдірді

Фото: Zakon.kz
Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2025 жылғы 23 желтоқсанда Үкіметте өткен брифингте сиыр етін экспортқа шығару шектеулерін енгізудің Қазақстандағы ет бағасын төмендетуге ықпалын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, ет бағалары тұрақтануы тиіс.

"Мен болжаммен айналыспаймын. Бірақ сиыр еті бағасын тұрақтандыруға бұл шешім, оның ішінде экспортқа шектеу енгізу, әрине әсер етеді. Бұл әкімшілік шара, және олар ұзақ өмір сүрмейді", – деді Жұманғарин.

Сонымен қатар, ол келесі жыл мал шаруашылығын белсенді дамыту жылы болатынын атап өтті:

"Екі жыл бойы біз егін шаруашылысына жақсы инвестиция салдық, екі жыл бойы өнім мол болды. Бұл іс үшін несие ресурстарын арттырдық, өнімді қорғадық. Енді дәл осындай жұмыстар мал шаруашылығы саласында жүргізілуі тиіс", – деді вице-премьер.
Қазақстан
Жұманғарин Серік
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі