Президент: Қазақстанда "Заң мен тәртіп" қағидаты орнығып, жаңа мәдениет қалыптасып келеді

Фото: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда "Заң мен тәртіп" қағидатының орнығып келе жатқанын атап өтті.

Соңғы бес жылда елімізде аса ауыр қылмыстар айтарлықтай азайып, тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғаларының көрсеткіші де төмендеген.

Мемлекет басшысы екі күн бұрын АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескенін айтып, екі елдің заң мен тәртіп саясатын ұстануда ұқсас бағытта жұмыс жасап жатқанын жеткізді.

Сонымен қатар, Президент "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясына ерекше мән берді. Биыл елімізде 335,6 миллион ағаш егілген. Ол бұл жобаның халық санасына әсер етіп, ұлттық мәдениет пен жауапкершілікті нығайтып отырғанын атап өтті.

Президенттің айтуынша, тазалық тек көшелер мен үйлердің таза болуын ғана емес, ниетіміздің де таза болуын білдіреді.

Мемлекет басшысы 2025 жылын Қазақстан үшін өрлеу жылы деп сипаттап, оқушылардың түрлі білім додаларынан 1 мыңнан астам медаль жеңіп алғанын, спортшылардың ел мерейін өсіргенін, өнерлі жастардың мәдениетімізді насихаттағанын атап өтті.

Президент жаңа мәдениетті – жанашырлық, тазалық пен жауапкершілікке негізделген қоғам ретінде сипаттап, осындай қадамдардың елімізді рухы биік, мәдениеті бай елге айналдыратынын айтты.

Қазақстан
Тараз
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді