Астанада бизнес серіктесінің 15 млн теңге тұратын көлігін ұрлаған күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
Астана қаласының полиция қызметкерлері құны шамамен 15 млн теңге тұратын автокөліктің ұрлығын жедел түрде ашты, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдікті ретінде жәбірленушінің 25 жастағы бизнес серіктесі анықталды. Екеуі жұмыс мақсатында басқа қаладан елордаға келген.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ер адамдар пәтер жалдап тұрған. Оқиға болған түні жәбірленуші ұйықтап қалған сәтті пайдаланып, күдікті оның күртесінің қалтасынан Changan CS75 Plus автокөлігінің кілтін жасырын түрде алып, оқиға орнынан кетіп қалған. Содан кейін ол байланысқа шықпай, ізін суытқан.

Таңертең полиция қызметкерлері ұрланған автокөлікті қала көшелерінің бірінен қараусыз қалған күйінде тапты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады