ТЖМ ақпаратынша, объектідегі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау – меншік иелерінің, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларының, жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғалардың, сондай-ақ объектіні немесе бөлмені иемденуге, пайдалануға немесе оған билік етуге етуге құқығы бар адамдардың міндеті.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" заңға сәйкес, көпқабатты тұрғын үйдің мүліктерінің иелерінің бірлестігі (МИБ) – бұл мүлік иелері тарапынан құрылған, коммерциялық емес ұйым болып табылады. Ол көпқабатты тұрғын үйдің объектісін басқарып, оның қызмет етуін қаржыландырып, сақталуын қамтамасыз етеді", – деп хабарлады министрлік.
Ұйым басшысы өрт сөндіру және өрт дабылы жүйелерінің, адамдарды эвакуациялау мен хабарландыру жүйелерінің, түтінге қарсы қорғаныс және өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің, өртке қарсы құрал-жабдықтар мен техниканың, өртке қарсы есіктердің, қақпақтар мен люктердің, өртке қарсы бөгеттегі ашық жерлердің, ғимарат ішіндегі және сыртындағы қорғаныс құралдарының, дем алу және көру органдарын қорғау құралдарының, жеке және топтық адамдарды құтқару құралдарының, сондай-ақ ғимараттардың, құрылыстардың және сыртқы технологиялық құрылғылардың найзағайдан қорғау құрылғыларының болуын, жобалық құжаттарға сай болуын және үнемі жұмыс жағдайында болуын қамтамасыз етуі керек.
"Сонымен қатар, "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңға сәйкес, облыс, республикалық маңызы бар қала немесе астана әкімдіктері тұрғын үй қорын басқару саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады және тұрғын үй қорын сақтау мен тиісті пайдалану іс-шараларын ұйымдастырады", – деп қосты министрлік.
Бұған дейін Қазақстанда дәрігерлердің жалақысы өсетіндігін жазғанбыз.