Мәдениет министрлігі Әуезов театрының реконструкциясы туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Сурет: Фото: auezov-theatre.kz
2026 жылғы 9 қаңтарда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында тараған М. Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту жұмыстары "тоқтатылып, жабылып қалған" деген ақпаратқа байланысты ресми түсініктеме берді.

Министрліктің ресми хабарламасында театр ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстары тоқтатылмағаны айтылған.

Қазіргі уақытта жоба жаңа қаржы жылының басталуын күтуде. Осыған байланысты белгіленген тәртіпке сай жұмыстарды жалғастыру үшін қажетті қаражат бөлінеді.

Ведомство өкілдері нысанда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында екенін атап өтті. М. Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту жұмыстары оның тарихи және мәдени маңызын сақтай отырып, толық көлемде аяқталатын болады.

Сондай-ақ 23 желтоқсанда Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі Димаш Құдайберген мен Қазақстанның жас музыканттары 2025 жылы әлем жұртшылығын қалай тәнті еткені туралы ақпарат таратқан еді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы