ШҚО-да патрульдік полицейлер жолда өзін жайсыз сезінген әйелге шұғыл көмек көрсетті

Сурет: видео скрині
Өскемен – Самар тасжолының 63-шақырымында қызмет атқарып жүрген патрульдік полиция батальоны жол жиегінде тоқтап тұрған автокөлікті байқады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мән-жайды анықтау барысында көлікте отырған 60 жастағы әйелдің кенеттен жағдайы күрт нашарлап, тынысы тарылғаны белгілі болды. Оның денсаулығына қауіп төнгенін байқаған полиция қызметкерлері дереу әрекет етті.

Тәртіп сақшылары Аслан Тлеубаев пен Дастан Дәуренұлы әйелді Асубұлақ ауылына дейін апарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Полицейлердің уақытылы әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында әйел дер кезінде медициналық көмек алды.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Президент 2026 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қатысушыларын марапаттады